Қалалық жасыл екпелерді зиянды организмдерден қорғау
Мақсаты
Орман мен орман тәлімбақтарын зиянды организмдерден қорғау тәжірибесіне арналған әдістерді әзірлеу, трансферттеу және енгізу, сонымен қатар мүдделі тараптарды сапалы отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету.
Қоршаған ортаға қауіпсіз белсенді биологиялық құралдарды қолдана отырып, табиғи парктерді, алаңдарды, орман шаруашылықтарын, тәлімбақтар мен бақтарды сапалы материалдармен қамтамасыз ету үшін тұрақты орманпатологиялық тексерулер жүргізу және негізгі зиянды организмдердің жаппай көбеюіне жол бермеу.
Ғылыми зерттеулер орман екпелерінің зиянкестері мен ауруларының түрлік құрамын терең зерттеу, зиянкестер мен ауруларды зерттеу, кешенді қорғау жүйесін әзірлеу, соның ішінде, негізінен, биологиялық әдістер мен қоршаған орта мен адамға қауіпсіз биопрепараттарды қолдану болып табылады.
Халықаралық байланыстар
Орман мен орман екпелерін, астық қорларын зиянкестерден қорғаудың жекелеген мәселелері бойынша зерттеу тобы АҚШдағы Аризона университеті сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.
Зерттеу тобы Германия, Швейцария, Ресей, Болгария, Беларус, АҚШ, Түркия, Польша, Мажарстан және т.б. елдер сияқты 17-ден астам шетелдік фирмаларымен байланыс орнатқан. Онда жыл сайын химиялық және биологиялық препараттар жергілікті жағдайларға бейімделу мақсатында сыналады. Атап айтқанда, техникалық дақылдар мен астық қорларын, олардың қайта өңдеу өнімдерін зиянды организмдерге қарсы өңдеудің нормалары, мерзімдері мен жиілігі анықталады.
Көрсетілетін қызметтер
Орманды, жасыл екпелерді және орман тәлімбақтарын зиянкестер мен аурулардан қорғаудың біріктірілген жүйесін әзірлей отырып, орманпатологиялық мониторинг жүргізу;
Орман мен орман тәлімбақтарының зиянкестері мен ауруларының түрлік құрамын зерттеу;
Терек пен тораңғы будандарын биотехнологиялық әдістер арқылы көбейту;
Терек пен тораңғы көшеттерін өсіру үшін жылыжайларда және тәлімбақтарда агротехникалық іс-шараларды жүргізу;
Орман мен орман тәлімбақтарын қорғау бойынша фермерлерге, орманшыларға кеңес беру;
Пестицидтердің биологиялық тиімділігі мен оларды қолданудың қауіпсіздігін бағалау мақсатында мемлекеттік тіркеу сынақтарын жүргізу;
Қорғау жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдерін белгілеу және орман мен жасыл екпелерді жаппай жою қаупін анықтау;
Зиянкестер мен ауруларға қарсы қорғау жұмыстарын жүргізу кезінде ғылыми сүйемелдеу;
Қорғау жұмыстарын жүргізудің тиімділігін пайдалы жәндіктерге (энтомофагтарға) әсерін ескере отырып анықтау;
Орман мен жасыл екпелерді зиянкестер мен аурулардан қорғау бойынша білім тарату (онлайн және оффлайн дәрістер), ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне ұсыныстар, әдістемелік нұсқаулар және т.б. ақпаратты тарату құралдары арқылы кеңес беру көмегін көрсету.