Молекулярлы генетика және биохимия зертханасы

карантиндік және қауіпті фитопатогендерді анықтау

Молекулярлы генетика және биохимия зертханасы Қазақстан Республикасының аумағында таралған карантиндік және қауіпті фитопатогендерді табумен айналысады, фитопатогендердің, оларды тасымалдаушылардың маусымдық таралу серпінін фитосанитарлық бақылауды, сондай-ақ өсімдіктер мен арамшөптердің зиянкестерін сәйкестендіруді жүзеге асырады.

Молекулярлы генетика және биохимия зертханасының негізгі мақсаты:

Карантиндік және қауіпті фитопатогендерді анықтау, Қазақстан Республикасының аумағында кең таралған фитопатогендердің, олардың тасымалдаушыларының таралуының маусымдық динамикасын фитосанитарлық бақылау, сондай-ақ өсімдік зиянкестері мен арамшөптерді анықтау.

Зертханалық міндеттері:

  • карантиндік және қауіпті фитопатогендерді анықтау
  • фитопатогендердің генетикалық әртүрлілігін зерттеу, Қазақстан Республикасында кең таралған домендік штамдарды анықтау
  • фитопатогендер айналымының маусымдық карталарын құрастыру
  • фитопатоген тасымалдаушыларын анықтау
  • өсімдіктер зиянкестері мен арамшөптерді анықтау
  • генетикалық түрлендірілген көздерді анықтау
  • отандық фитопатогенді анықтау жүйесін дамыту
  • фитопатогендер туралы республикалық ақпараттық мәліметтер базасын құру
  • фитопатогендерді, зиянкестер мен арамшөптерді бақылауға арналған, жасалып жатқан дәрілердің тиімділігін молекулярлы-генетикалық бағалау
  • фитосанитарлық бақылау зертханаларына арналған әдістемелік нұсқаулықтарды жасау
  • отырғызу материалдарының сапа сертификаттарын жасау
  • фитосанитарлық бақылау ұйымынфң мамандарын фитопатогендердің молекулярлы диагностикасының заманауи әдістеріне үйрету

Молекулярлы генетика және биохимия зертханасының артықшылықтары:

  • Фитопатогендерді анықтауға арналған заманауи жоғары сапалы жабдықтардың болуы
  • Бір уақытта бірнеше фитопатогендерді анықтау (96 сынамадағы 5 фитопатогендер – 5 сағат, классикалық әдіс – 2 апта)
  • Сапалы диагностикалаудың халықаралық ішкі стандарттарын пайдалану
  • Генетикалық модификацияланған көздер мен фитопатогендерді диагностикалау бойынша аккредитациялануы
  • Отырғызылатын материалдың сапасы туралы сертификат беру
  • Өсімдіктің жасырын және латентті инфекциясын анықтау

Жеміс дақылдарының бактериялық күйік ауруының қоздырғышын (Erwinia amylovora) анықтау:

Молекулярлық-генетикалық диагностика әдістері фитопатогендерді тез және сапалы анықтауда алтын стандарт болып табылады, бұл инфекцияланған нысандарды уақтылы жоюға және инфекцияның популяцияда, тұқым, жылыжайларда таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Молекулярлық генетика және биохимия зертханасында анықталатын фитопатогендердің тізімі:

Генетикалық түрлендірілген көздерді анықтау:

Молекулярлық генетика және биохимия зертханасының қызметкерлері:

Турсунова Альнура – аға ғылыми қызметкер, PhD докторант. 2014 ж. Пловдив университетіндегі молекулярлық биология саласындағы халықаралық тағылымдамадан өтті, «Пайсий Хилендарски» Өсімдіктер физиологиясы және молекулалық биология кафедрасы, Пловдив, Болгария, профессор Денев Илия

Халықаралық тәжірибе Химиялық биология және фундаментальды медицина институты, РҒА СБ, Новосибирск, Ресей

2017 ж. халықаралық тағылымдамасы. Құрылымдық және молекулярлық биология институтында, University College London, Лондон, Ұлыбритания, «Chlamydomonas rehhardtii микробалдырлары негізінде биопестицидтерді алу», профессор Соул Пуртон

2019 ж. халықаралық тағылымдамасы. Құрылымдық және молекулярлық биология институтында, University College London, Лондон, Ұлыбритания, «Chlamydomonas rehhardtii микробалдырлары негізінде биопестицидтерді алу», профессор Соул Пуртон

Турбекова Шырын – кіші ғылыми қызметкер, магистр.

2015 ж. «Биологияның заманауи мәселелері» тақырыбындағы халықаралық жазғы мектеп ЕҰУ  Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ және Генуя университеті, Италия

2015 ж. Силезия техникалық университетінде шетелдік тағылымдама, Польша (Политехника Сласка Педагогатум, Польша)

Үлгілерді (сыеамаларды) зертханалық жағдайда молекулярлық-генетикалық зерттеу

Сделать заказ