Препараттарды тіркеу және өндірістік сынақтары, ғылыми сүйемелдеу
Пестицидтерді басқару – өсімдіктерді қорғау қызметінің құрылымына кіретін сала.
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты пестицидтерді далалық және зертханалық жағдайда жан-жақты зерттегеннен кейін, оларды тіркеуді жүзеге асырады. Тіркеу негізінде атқарушы орган пестицидтерді қолдануға, өткізуге, тасымалдауға, сақтауға, жарнамалауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және әкетуге рұқсат береді.
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының мамандары келесі бағыттар бойынша қолдау көрсетіп, жұмыстар жүргізеді:
Пестицидтерді тіркеу, өндірістік сынақтарды ұйымдастыру және өткізу;
Қолдану регламенттерін әзірлеу;
Топырақ пен өнімдегі пестицидтердің қалдық мөлшерін зерттеу;
Өсімдіктерді қорғаудың жаңа құралдарын іріктеу мен бағалау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары ауыл шаруашылығы дақылдарын аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғаудың химиялық және биологиялық әдістерін жетілдіруде үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Институттың тіркеу және өндірістік сынақтарды ұйымдастыру мен өткізу, қолдану регламенттерін әзірлеу, сондай-ақ токсикологиялық қалдықтарды анықтау қызметтерін көрсету бойынша мол тәжірибесі бар.
Препараттарды сынақтан өткізу жалпы қабылданған нұсқа бойынша жүргізіледі, олардың әрқайсысы бойынша бастапқы шығын нормалары, қолдану мерзімдері мен тәсілдері, өсірілетін дақылға, адамға, қоршаған ортаға қауіпсіздігі анықталады. Далалық сынақтар әдетте 1 жылдан 3 жылға дейін жүргізіледі.
Алынған нәтижелер негізінде препараттар өндірістік қолдануға ұсынылуы мүмкін, олардың регламенттері нақты ауа-райы — климаттық жағдайларға бейімделу үшін салалық және аймақтық ғылыми мекемелер тарапынан қосымша нақтыланып, толықтырылады.
Институттың мықты ғылыми-техникалық базасы, ғылыми-зерттеу әлеуеті, орындаушылардың жауапкершілігі, білімі мен тәжірибесі адам денсаулығы мен қоршаған ортаға барынша қауіпсіз, сонымен қатар тиімді заманауи өсімдіктерді қорғау құралдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, зерттеу міндеті пестицидтерді қолданумен байланысты адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп-қатерді азайтатын тұрақты және экологиялық таза ауылшаруашылық әдістерін енгізу болып табылады.