Дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдарды қорғау бөлімі

Бөлім зерттеулерінің басым бағыттары

Қазақстанда өсімдіктерді қорғаудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып, дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың егісіне фитосанитарлық мониторинг жүргізу жолымен аса қауіпті аурулардан тұрақты бақылауды жетілдіру.

Техника мен препараттардың соңғы үлгілерін қолдана отырып, дәнді және дәнді-бұршақ және майлы дақылдарында кең таралған, зиянды аурулардан қорғаудың кешенді жүйесін әзірлеу және оны өндіріске ендіруге ықпал ету.

Топырақ-климаттық жағдайларды ескере отырып, дәнді және дәнді-бұршақ және майлы дақылдарды қорғау құралдарының ассортиментін кеңейту және Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлерінде биологиялық, шаруашылық және экономикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкестігі  мен экологиялық қауіпсіздігін негіздеу.

Дәнді және дәнді-бұршақ және майлы дақылдарды қорғау саласында жүйелі ғылыми жұмыстар жүргізу және республиканың жетекші ғылыми және өндірістік мекемелерімен және ұйымдарымен бірлескен зерттеулер жүргізу.

Қазақстан аумағында дәнді және дәнді-бұршақ және майлы дақылдарда аурулардың таралуын және дамуын фитосанитарлық диагностика әдістемесін әзірлеу және жетілдіру.      

Қазақстанда дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдарды қорғау бойынша тиімді жақын және алыс шетелдік технологиялар трансфертін жүргізу.

Бөлім қызметінің қысқаша сипаттамасы

  • Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдарды аурулардан қорғаудың интегралды жүйесінің технологияларын әзірлеу, жетілдіру және өндіріске ендіру;
  • Дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың сорттары мен гибридті линияларына зиянды ауруларға иммундық-фитопатологиялық бағалау жүргізу және ауруларға берік және жоғары өнімді сорттарды іріктеу;
  • Өндірісте дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың зиянды организмдеріне қарсы қолдану үшін, неғұрлым тиімді және болашақты жаңа пестицидтерді «Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) анықтамалығына» енгізу үшін, тіркеу және өндірістік сынаудан өткізуді жүзеге асырады.
  • Біліктілікті арттыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін курстарда ғылым мен тәжірибенің озық жетістіктері бойынша білім беру жолымен дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдарды қорғау бойынша ғылыми кадрлар мен мамандарды даярлау.

Дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдарды қорғау бөлімінің қызметкерлері

Сұлтанова Надира Жұмаханқызы
бөлім меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Бекежанова Мадина Мәлікқызы – жетекші ғылыми қызметкер:
ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өтілі – 17 жыл.

Копирова Гүлсім Исламқызы –  ғылыми қызметкер:
магистр-биолог, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өтілі-15 жыл.

Түсіпбаев Қуаныш Бақытбекұлы – ғылыми қызметкер:
магистр-биолог, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өтілі – 10 жыл.

Тұрсынқұлов Асхат Мұратұлы –  ғылыми қызметкер:
ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өтілі – 3 жыл.

Қожабаева Гүлнар Еркінқызы –  кіші ғылыми қызметкер:
ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өтілі-15 жыл.

Байжанова Меруерт Әмірбекқызы –  кіші ғылыми қызметкер:
ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өтілі – 15 жыл.

Үсембаева Жәмиля Сабырқызы – кіші ғылыми қызметкер:
ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өтілі – 4 жыл.

Жұмаханұлы Оразбек –  аға лаборант:
ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өтілі – 2 жыл.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілері мен басқа да ұйымдар үшін бөлімнің ұсынатын қызметтері

  • Қажет болған жағдайда, жергілікті жерлерде ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өсімдіктерді, атап айтқанда дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдарды аурулардан қорғау жөнінде консультациялық көмек көрсету.
  • Дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдарды қорғау бойынша білімді тарату және ұсыныстар, әдістемелік нұсқаулар және т.б. тарату арқылы ауылдық тауар өндірушілеріне консультациялық көмек көрсету.
  • Ғылыми-техникалық жетістіктерді игеру арқылы технологиялар трансферт жүйесін дамытуға ықпал ету.
  • Ауылшаруашылық дақылдарының әртүрлі зиянды организмдеріне қарсы жаңа отандық және шетелдік пестицидтер мен биопрепараттарға тіркеу және өндірістік сынақтар жүргізу.
  • Сыналатын пестицидтерді жан-жақты тексеру негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген «Пестицидтер тізіміне …» енгізу және тіркеу үшін ұсыныстарды тапсыру.
  • Ауыл шаруашылығында дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдарға заманауи пестицидтерді қолданудың экономикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкестігі мен экологиялық қауіпсіздігін негіздеу.
  • Дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың тұқымдарының патогенді микрофлораларға шалдығуын және оларды өңдеу қажеттілігін анықтау.
  • Дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың егістерінің фитосанитарлық мониторингі және зиянды организмдерге қарсы биологиялық және химиялық препараттарды қолданудың мақсаттылығы мен оңтайлы мерзімдерін анықтау.

Дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың егістерін қорғау бойынша көрсетілетін коммерциялық қызметтердің тізбесі және олардың құны

*- стоимость услуг может быть договорной в зависимости от объёма.