Бүгін біздің институтымызда «Зиянды организмдерді басқару жүйесін жетілдіру және ендіру» атты бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жобасы аясында жоспарлы тексерістің екінші күні өтіп жатыр.
Тексеріс барысында жобаның ғылыми мазмұны, орындалу барысы мен қол жеткізілген нәтижелері жан-жақты және егжей-тегжейлі қарастырылуда. Бұл жұмысқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінен келген құзырлы мамандар қатысуда:
Исахова Салтанат Айлыбаевна – Өсімдіктер карантині басқармасының бас сарапшысы;
Әбүталипова Аида Жанатқызы – Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы.
Тексерушілер жоба аясында жүргізілген тәжірибелермен де тікелей танысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысын нақты тәжірбиелік танаптарда бақылауда. Зертханалық және танаптық тәжірибелер, сондай-ақ әзірленген технологиялық шешімдер іс жүзінде таныстырылуда.
Мұндай тексерістер жобаның тиімді жүзеге асуына, ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ғылыми нәтижелердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Комиссия мүшелеріне кәсіби пікірлері мен құнды ұсыныстары үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!


