Құрметті әріптестер!

Сіздерді ғылым саласындағы үлкен жетістіктеріңізбен – ғылыми атақ иелену құрметіне орай шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жеңіс – сіздердің ұзақ жылғы еңбектеріңіздің, табандылықтарыңыз бен кәсіби біліктіліктеріңіздің жемісі. Ғылым жолында қол жеткізген бұл белес – алдағы үлкен мүмкіндіктерге жол ашары сөзсіз.

Еңбектеріңіз әрдайым ел игілігі үшін қызмет етіп, жас ғалымдарға үлгі бола берсін!

Құрметпен,

Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ ұжымы