Институтта ғылыми қоғамдастықтың ғылым жөніндегі сараптамалық кеңес жұмысына қатысу мәселелері талқыланды

Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтында ғылыми бөлімшелердің басшылары мен ғылыми қызметкерлердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым жөніндегі комитеті жанындағы Ғылым жөніндегі сараптамалық кеңестің жұмысына ғылыми қоғамдастықты тарту мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Кеңес барысында қызметкерлердің назарына Комитеттің 2026 жылғы 9 қарашадағы № 11-10-277 хатының мазмұны жеткізіліп, ғылым саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеудің негізгі бағыттары қарастырылды.

Ғылыми қызметкерлерге ғылым саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларды әзірлеуге белсенді қатысу ұсынылды.

Сондай-ақ ұсыныстарды ғалымдар Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайты арқылы өз бетінше жолдай алатыны түсіндірілді. Ол үшін сайттағы «Қызмет» → «Сараптамалық кеңестер» бөліміне өтіп, Цифрландыру, инновациялар және ғылым жөніндегі комитетті және тиісті бағытты таңдау қажет.

Институт отандық ғылымды дамытуға және мемлекеттік ғылыми саясатты жетілдіруге бағытталған бастамаларды талқылау үдерісіне ғылыми қоғамдастықтың белсенді қатысуын қолдайды.