Миколар:
зиянкестерге қарсы препарат

Шегірткелерге қарсы тиімді құрал

Миколар

Шегіртке зиянкестеріне қарсы өсімдіктерді қорғауға арналған биопрепараттар

ҚазӨҚжКҒЗИ әзірлеген, сынақтан өтіп, тіркеуден өткен өнім: энтомопатогенді саңырауқұлақтар негізіндегі микоинсектицидтер Миколар-М, Миколар-В.

Зиянды шегірткелерге қарсы күресте қолданылады. Биопрепарат экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, зиянкес жәндіктерге қарсы жоғары биологиялық белсенділікке ие.

Қазіргі таңда тіркеуге екі микоинсектицид сауда белгісімен ұсынылған:

  • Миколар-В — құрғақ ұнтақ
  • Миколар-М — энтомопатогенді саңырауқұлақтардың (B. bassiana және M. anisopliae штаммдары негізінде) құрғақ ұнтақ түріндегі препараты

Миколар-В

Әсер ету механизмі

Биологиялық инсектицид, зиянды шегірткелерге қарсы күресте қолданылады. Құрғақ ұнтақ түрінде, титрі кемінде 5 млрд. өміршең спора/г, энтомопатогенді саңырауқұлақтың Beauveria bassiana BBK-01R2 штаммы негізінде дайындалған.

Биологиялық тиімділігі – жоғары. Шегірткелердің 2–4 жастағы дернәсілдерінде бағаланған, 5×10¹² спора/га титрінде өңдеуден кейін 10–12 тәулікте 90% жойылуын қамтамасыз етеді.

Қолдану саласы, бәсекеге қабілеттілігі, патенттердің болуы:
Ауыл шаруашылығында, шегірткелермен залалданған алқаптарда қолдануға рұқсат етіледі. Өңделетін зиянкестер: шегірткелердің 1–4 жастағы дернәсілдері – азиялық шегіртке (Locusta migratoria migratoria L.), марокколық шегіртке (Dociostaurus maroccanus Thnb.), италиялық прус (Calliptamus italicus L.).
Бәсекеге қабілеттілігі жоғары. ҚР №32395 патенті бар.

Практикалық іске асыруға дайындық деңгейі: 100%.

Техникалық-экономикалық көрсеткіштері: препаратты енгізуден кәсіпорын үшін экономикалық тиімділік 7000–8000 теңге/га құрайды.

Миколар-М

Әсер ету механизмі

Биологиялық инсектицид, зиянды шегірткелерге қарсы күресте қолданылады. Құрғақ ұнтақ түрінде, титрі кемінде 5 млрд. өміршең спора/г, энтомопатогенді саңырауқұлақтың Metarhizium anisopliae МАК-01R3 штаммы негізінде дайындалған. Биологиялық тиімділігі – жоғары. Шегірткелердің 2–4 жастағы дернәсілдерінде бағаланған, 5×10¹² спора/га титрінде өңдеуден кейін 10–12 тәулікте 90% жойылуын қамтамасыз етеді. Қолдану саласы, бәсекеге қабілеттілігі, патенттердің болуы: Ауыл шаруашылығында, шегірткелермен залалданған алқаптарда қолдануға рұқсат етіледі. Өңделетін зиянкестер – шегірткелердің 1–4 жастағы дернәсілдері: азиялық шегіртке (Locusta migratoria migratoria L.), марокколық шегіртке (Dociostaurus maroccanus Thnb.), италиялық прус (Calliptamus italicus L.). Бәсекеге қабілеттілігі жоғары. ҚР №32401 патенті бар. Практикалық іске асыруға дайындық деңгейі: 100%. Техникалық-экономикалық көрсеткіштері: препаратты енгізуден кәсіпорын үшін экономикалық тиімділік 7000–8000 теңге/га құрайды.

Тапсырыс беру