БІЗ ТУРАЛЫ
ҚазӨҚжКҒЗИ – Қазақстандағы өсімдік қорғау және карантин саласында ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру жолдарын іздестірумен айналысатын, стратегиялық, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан маңызды жалғыз мамандандырылған мекеме.
Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ Өсімдік Қорғау және Карантин Ғылыми-Зерттеу институтының (ҚазӨҚжКҒЗИ) тарихы 1958 жылғы 21 ақпанда басталады. Сол күні Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Республикалық өсімдік қорғау станциясының негізінде институт құрылды.
Бүгінде институттың құрамына екі филиал кіреді: Қостанай және Оңтүстік Қазақстан филиалдары.
Институттың негізгі міндеті — агрофитоценоздарға пестицидтік жүктемені азайту мақсатында зиянды организмдерге қарсы өсімдіктерді біріктірілген қорғау жүйесін әзірлеу және Қазақстан Республикасының аумағында өсімдік карантинін ұлттық қауіпсіздікті (азық-түлік, экологиялық, биологиялық) қамтамасыз ету үшін ғылыми тұрғыда негіздеу.
ҚЫЗМЕТІ
- Зиянкестерге, ауруларға және арамшөптерге қарсы тиімді өсімдік қорғау жүйесін әзірлеу және енгізу;
- Өсімдіктер карантинін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету;
- Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық құралдарын жасау;
- Өсімдіктерді қорғау және карантин саласында жүйелі зерттеулер жүргізу;
- Өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша шетелдік озық технологияларды трансферттеу және бейімдеу.
Басқарма
Дүйсембеков Бахытжан Әлішерұлы
Басқарма төрағасы
Биология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі
Успанов Алибек Маратович
Басқарма төрағасының орынбасары
Биология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі
Султанова Надира Жумахановна
Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі
Сарсенбаева Газиза Базарбаевна
Бас ғылыми хатшы
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі
Кожабаева Гулнар Еркиновна
Ғылыми хатшы