ӨСІМДІКТЕРДІ БІРІКТІРІЛГЕН ҚОРҒАУ БӨЛІМІ

Бөлімнің бағыты

Өсімдіктерді біріктірілген қорғау бөлімі 2022 жылы ҚР АӨК фитосанитарлық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған.

Өсімдіктерді кешенді қорғау бөліміне энтомология, фитопатология және гербология зертханалары кіреді.

Бөлім қызметінің негізгі бағыты ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың біріктірілген жүйелерін әзірлеу және енгізу болып табылады.

Миссиясы

Ауыл шаруашылығының экологиялық таза өнімін алу үшін өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғаудың біріктірілген жүйесін әзірлеу және енгізу.

Стратегиялық мақсаты:

Ғылыми-техникалық қызмет (ҒТҚН) нәтижелерін енгізу, коммерцияландыру және ғылыми мақалаларды әлемдік деңгейде жариялау.

Бөлімнің негізгі міндеттері

1. Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау жүйелерін әзірлеу және жетілдіру.

2. Тұқымдардың фитосараптамасын жүргізу және оларды сауықтыру мақсатында тұқым дәрілегіштер мен биостимуляторларды іріктеу.

3. Зерттеліп отырған агроэкожүйелердегі зиянды жәндіктер мен басқа да омыртқасыздардың (кенелер, моллюскалар және т.б.) қазіргі таралу жағдайын, экологиясы мен биологиясын, сондай-ақ олардың энтомофагтарын зерттеу.

4. Өсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғаудың біріктірілген жүйесін әзірлеу, пестицидтік жүктемені агрофитоценоздарда төмендету және еліміздің биологиялық, экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өсімдіктер карантинін ғылыми тұрғыда негіздеу.

5. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне зиянды ағзалардан қорғау шараларын жоспарлау мен жүргізу бойынша ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар мен құралдар әзірлеу.

6. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін оқыту және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғаудың заманауи технологиялары бойынша кеңестер беру.

Өсімдіктерді біріктірілген қорғау бөлімінің зертханалары

Ниязбеков Жан Борисович

Өсімдіктерді біріктірілген қорғау бөлімінің меңгерушісі

Бекназарова Зибаш Бердикуловна

Энтомология зертханасының меңгерушісі

Койгельдина Айгерим Ержановна

Фитопатология зертханасының меңгерушісі

Ермекбаев Бекжан Утегенович

Гербология зертханасының меңгерушісі