Фитопатология зертханасы

ЗЕРХАНАНЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Фитопатология зертханасында тұқымдық және отырғызу материалын диагностикалау бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл жұмыс бактериялық, саңырауқұлақ инфекциясын анықтауға мүмкіндік береді. Ал тұқымдық материалды сауықтыру жұмыстары – өсімдіктерді тұқымдық және топырақ инфекциясынан дамудың ерте кезеңдерінде қорғау әдісі ғана емес, зиянкестерге қарсы қолданылатын әдістердің бірі.

Тұқымдарды зерттеу және өңдеу бойынша қызметтер патенттелген технологиялар бойынша жүргізіледі. Талдау жүргізгеннен кейін, сіз зерттеу хаттамасын аласыз, ғалымдар өңдеу препараттарын іріктеуді жүргізеді және қажет болған жағдайда – тұқымдарды өңдеу және сауықтыру бойынша жұмысты жүргізеді.

 

Зертхананың негізгі қызметі:

  • Өсімдік ауруларының қоздырғыштарын сәйкестендіру бойынша микологиялық және бактериологиялық сараптамалар (фитоэкспертиза);
  • Карантиндік фитосанитариялық жай-күйін анықтау мақсатында карантинге жатқызылған материалдар үлгілеріне (сынамаларына) зертханалық зерттеулер (сынақтар) жүргізу (Erwinia amylovora);
  • Қорғаныш-ынталандырушы құрамдарды қолдана отырып, тұқымдық материалды сауықтыру;
  • Өсімдіктерді ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларынан қорғауда қолданылатын фунгицидтер мен биопрепараттардың бактерицидтік қасиеттерін анықтау;
  • Ауру қоздырғыштарын анықтау және сәйкестендіру бойынша өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы мамандар үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу. Фитосанитарлық салада жеке тағылымдамаларды ұйымдастыру және өткізу;
  • Зертхананың карантиндік және карантиндік емес организмдер коллекциялық қорын сақтау және толықтыру;
  • Зертханааралық салыстыру (салыстырмалы) сынақтарын жүргізу

Ұсынылатын қызметтер

  • Классикалық фитопатологиялық әдістерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдары ауруларының диагностикасы және күрес шаралары бойынша практикалық ұсынымдар беру;
  • Әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарының фитоэкспертизасы – тұқымның егістік сапасын- тұқымның өну энергиясын, өнгіштігін анықтау;
  • Фитопатологиялық талдаулар негізінде тұқымның патогендік және сапрофиттік микрофлорасының түрлік құрамын анықтау, қажет болған жағдайда молекулярлық-генетикалық әдістерді пайдалану.

Зертхана қызметкерлері

Аға ғылыми қызметкер

Email:

aizhan.888sardar@gmail.com

Қызметі
2009–2011 жж. – Магистратура, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Экология мамандығы
2012–2019 жж. – Еуразиялық технологиялық университеті, «Инжиниринг» кафедрасының аға оқытушысы
2018–2021 жж. – Докторантура, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, «Өсімдіктерді қорғау және карантин» мамандығы
2020 жылдан бастап – «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

Ғылыми қызығушылықтары

Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары, фитопатогенді саңырауқұлақтар,
эндофитті микроорганизмдер,
өсімдіктерді биологиялық қорғау

Ғылыми қызметкер

Email:

zhamalbekovaakerke@gmail.com

Қызметі
2013–2017 жж. – Бакалавриат, «Өсімдіктерді қорғау және карантин» мамандығы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті
2017–2019 жж. – Магистратура, «Топырақтану және агрохимия» мамандығы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті
2018–қазіргі уақытқа дейін – Фитопатология лабораториясы, Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты

Ғылыми қызығушылығы

Фитопатология, өсімдіктердің бактериялық ауруларын диагностикалау, өсімдіктерді микробиологиялық қорғау

Арина Маулен

Аға лаборант

Email:
arina.maulen@mail.ru,
arina.maulen@gmail.com

Қызметі
2019–2023 жж. – Бакалавриат, Агробиологиялық факультет, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
2023 жылдан бастап – Фитопатология лабораториясының аға лаборанты, ИЦФЛА КазНИИЗиКР

Ғылыми қызығушылығы

Фитопатология, микробиология, өсімдіктерді қорғау және карантин

Айнұр Аширбекова

Аға лаборант

Email:
ainur-ashirbekova@mail.ru

Қызметі
2012–2017 жж. – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Агрономия факультеті, мамандығы: Өсімдіктерді қорғау және карантин (бакалавр)
2018–2020 жж. – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Агрономия факультеті, мамандығы: Топырақтану және агрохимия (магистр)
2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін – ФЗТСО бөлімі, фитопатология лабораториясының аға лаборанты, Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты

Ғылыми қызығушылығы

Фитопатология, микробиология, өсімдіктерді қорғау және карантин