Тарих

ҚазӨҚКҒЗИ – Қазақстандағы стратегиялық, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жоспарларда маңызды өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіруді жүзеге асыратын жалғыз мамандандырылған мекеме.

Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ тарихы (ҚазӨҚКҒЗИ) – 1958 жылдың 21 ақпанынан басталады, сол кезде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысымен республикалық өсімдіктерді қорғау станциясы негізінде институт құрылды.

Бүгінде оның құрамына екі филиал кіреді: Қостанай және Оңтүстік Қазақстан. 

Институттың негізгі міндеті-агрофитоценоздарға пестицидтік жүктемені азайту мақсатында өсімдіктерді зиянды организмдерден (ағзалардан) қорғаудың интеграцияланған жүйесін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі үшін (азық-түлік, экологиялық, биологиялық) өсімдіктер карантинін ғылыми қамтамасыз ету.

Қызметі:

  • Өсімдіктерді зиянкестерге, аурулар мен арамшөптерге қарсы қорғаудың тиімді жүйесін әзірлеу және енгізу;
  • Өсімдіктер карантинін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету;
  • Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық құралдарын құру;
  • Өсімдіктерді қорғау және карантин саласында жүйелі зерттеулер жүргізу;
  • Өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша перспективті шетелдік технологиялардың трансферті және бейімделуі

Командасы

Күрделі және қызықты жобалармен жұмыс істеу, зерттеулер, жаңа технологияларды енгізу, кешенді интеграцияланған қорғау іс-шараларының жүйесін әзірлеу, ғылыми нәтижелерді енгізу күшті командамызсыз мүмкін емес.

Бүгінде қызметкерлер саны – 166 адам, оның 83 ғылыми дәрежеге ие, (5 қызметкер ғылым докторлары, 25 ғылым кандидаты, 3 PhD, 32 магистрант), 17 адам – әкімшілік кадрлар, 66  — техникалық және қызмет көрсетуші персонал.

 

Басшылық