ЭНТОМОЛОГИЯ ЗЕРТХАНАСЫ

Зертхананың бағыттары

— Ғылыми жобаларға, конференцияларға, семинарларға қатысу;

— Фитосанитарлық тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;

— Аккредиттеу саласында зертханааралық салыстырмалы сынақтарын жүргізу;

— Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары мен өнімдерінің зиянкестермен зақымдануына фитосараптама жасау;

— Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестеріне қарсы қорғау шараларының ауқымы мен оңтайлы мерзімдерін анықтау, фитоценоздарға фитосанитарлық мониторинг жүргізу.

Ұсынылатын қызметтер

— Ауыл шаруашылығы алқаптарын фитосанитарлық зерттеу;

— Ауыл шаруашылығы зиянкестерін диагностикалау үшін зертханалық қызметтер көрсету;

— Зиянкестерге қарсы өсімдіктерді қорғау және карантині бойынша зерттеулер жүргізу, диагностикалау және іс-шараларды ғылыми қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен (АШТӨ) шарттар жасасу.

Зертхананың жетістіктері

Зиянды ағзаларды – жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды анықтау және диагностикалау әдістерін әзірлеу және жетілдіру. Карантиндік зиянкестер тізіміне енгізілген өсімдік зиянкестері үшін диагностикалық хаттамаларды әзірлеу.

 

photo1648265360-2

Стратегиялық мақсат

Қазақстан Республикасының агроценоздарында карантиндік зиянды организмдерді анықтау бойынша заманауи диагностикалық әдістерді қолдана отырып кешенді зерттеулер жүргізу, сондай-ақ карантиндік зиянкестердің ошақтарын жою және таралуын болдырмауға бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдар мен әдістемелік тәсілдерді әзірлеу.

photo1648271121

МИССИЯ

Қазақстан Республикасының фитосанитарлық қауіпсіздігі мен азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында өсімдіктерге зиянды организмдерді анықтауға, идентификациялауға және бақылауға бағытталған энтомологиялық зерттеулер мен сынақтарды жүргізу.

Зертхана қызметкерлері

Энтомология зертханасының меңгерушісі

Кенжегалиев Арнур Мирамұлы

Энтомология зертханасының меңгерушісі

E-mail: arnur_1992@mail.ru

Тәжірбиесі

  • 2010–2016 жж. – «Қазақ ұлттық аграрлық университеті», Бакалавриат, Мамандығы: Өсімдіктерді қорғау және карантин;
  • 2016–2018 жж. – «Қазақ ұлттық аграрлық университеті», Магистратура, Мамандығы: Экология;
  • 2020–2023 жж. – «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті», Докторантура, Мамандығы: Ғылыми биология;
  • 2015–2019 жж. – «Байсерке-Агро» ЖШС, Аға лаборант;
  • 2019–2022 жж. – «Ж. Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Биотехнология зертханасының кіші ғылыми қызметкері;
  • 2022–2024 жж. – «Ж. Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, ӨБҚ бөлімінің энтомология зертханасының ғылыми қызметкері;
  • 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Ж. Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, ФЗТСО энтомология зертханасының меңгерушісі.

Ғылыми қызығушылықтары

  • Өсімдіктерді қорғау және карантин
  • Энтомология
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарының мониторингі
  • Зиянкестерді анықтау бойынша тұқымдар мен ауылшаруашылық өнімдеріне фитосараптама
  • Карантиндік және ерекше қауіпті өсімдік зиянкестерін морфологиялық белгілері бойынша анықтау
Ғылыми қызметкер

Исламова Рехангуль Аблимитовна

Ғылыми қызметкер

E-mail: r.islamova83@mail.ru

Тәжірибесі

  • 2001–2006 жж. – Қазақ ұлттық аграрлық университеті, «Агрохимия және өсімдіктерді қорғау», біліктілігі: агроном;
  • 2006–2007 жж. – Өсімдіктерді қорғау ҒЗИ ЕМК, жеміс-көкөніс дақылдарын қорғау бөлімінің агрономы;
  • 2007–2009 жж. – Өсімдіктерді қорғау ҒЗИ ЕМК, аспирантура, «Өсімдіктерді қорғау» мамандығы;
  • 2009–2010 жж. – Қазақ Өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ ЖШС, жеміс және орман дақылдарын қорғау бөлімінің аға лаборанты;
  • 2010–2013 жж. – Қазақ Өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ ЖШС, техникалық дақылдар мен орман қорғау бөлімінің кіші ғылыми қызметкері;
  • 2013–2015 жж. – Қазақ Өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ ЖШС, өсімдіктер карантині бөлімінің ғылыми қызметкері;
  • 2014–2016 жж. – Қазақ ұлттық аграрлық университеті, магистратура «Өсімдіктерді қорғау және карантин», біліктілігі: ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі;
  • 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Жиенбаев атындағы Өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ, ФЗТСО энтомология зертханасының ғылыми қызметкері.

Ғылыми қызығушылықтары

  • Өсімдіктерді қорғау және карантин
  • Энтомология
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарының мониторингі
  • Зиянкестерді анықтау бойынша тұқымдар мен ауылшаруашылық өнімдеріне фитосараптама
  • Карантиндік және ерекше қауіпті өсімдік зиянкестерін морфологиялық белгілері бойынша анықтау