Молекулярлық генетика және биохимия зертханасы

Ұсынылатын қызметтер:

Өсімдік тектес генетикалық модификацияланған көздерді (ГМК) FLASH PCR әдісімен анықтау

Өсімдік тектес генетикалық модификацияланған көздерді (ГМК) Real-Time PCR әдісімен анықтау

ЗЕРТХАНАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ:

Қазақстан Республикасының аумағында таралған аса қауіпті және карантиндік зиянды организмдерді (зиянкестер, өсімдік аурулары және арамшөптер) идентификациялау және диагностикалау.

Гендік модификацияланған ауылшаруашлық дақылдарын сапалық және сандық анықтау (реттегіш бірізділікті анықтауға бағытталған (түсті қырыққабаттың мозаикалық вирусының 35S промоутері және NOS Agrobacterium tumefasciens терминаторы)).

Зертхана қызметкерлері

Зертхана меңгерушісі

Турсунова Альнура Қайратқызы

Лауазымы: Молекулалық генетика және биохимия зертханасының меңгерушісі

Электрондық пошта: alnura_89.12.12@mail.ru

Тәжірибесі

  • 2007–2011 жж.: Биотехнология мамандығы бойынша технология және техника ғылымдарының бакалавры, Қазақ ұлттық университеті әл-Фараби атындағы
  • 2011–2012 жж.: Биотехнология мамандығы бойынша техника және технология магистрі, Қазақ ұлттық университеті әл-Фараби атындағы
  • 2013–2018 жж.: кіші ғылыми қызметкер, М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты
  • 2019–2021 жж.: аға ғылыми қызметкер, «Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
  • 2022 ж. – қазіргі уақытқа дейін: молекулалық генетика және биохимия зертханасының меңгерушісі, «Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Аға ғылыми қызметкер

Турбекова Шырын Мейрамбекқызы

Қызметі: Аға ғылыми қызметкер

Электрондық пошта:
turbekova.shyryn89@gmail.com

Тәжірибесі

  • 2011 ж.: Биотехнология мамандығы бойынша техника және техникалық ғылымдар бакалавры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • 2016 ж.: Биология мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  • 2016–2017 жж.: кіші ғылыми қызметкер, М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты;
  • 2020–2021 жж.: кіші ғылыми қызметкер, «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС;
  • 2021–2024 жж.: ғылыми қызметкер, «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС;
  • 2025 ж. – қазіргі уақытқа дейін: аға ғылыми қызметкер, «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС.

Ғылыми қызығушылықтары

  • Карантиндік және аса қауіпті зиянды жәндіктерді молекулалық сәйкестендіру
  • Фитопатогендер, нематодалар мен арамшөптерді ДНҚ-баркодинг әдісімен зерттеу
  • Кенелердің инсектицидтер мен акарицидтерге төзімділік гендерін зерттеу
Ғылыми қызметкер Абылаева Ұлжалғас Аманилақызы

Ғылыми қызметкер

Абылаева Ұлжалғас Аманилақызы

Электрондық пошта:
abylayeva.ula@gmail.com

Тәжірибесі

  • 2016 ж.: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, бакалавр;
  • 2021 ж.: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, магистр;
  • 2015–2016 жж.: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Биология және биотехнология» факультеті, «Микробиология» кафедрасы — «Бидай кебегінде ашытқы және сүтқышқылды бактерия дақылдарының өсу белсенділігін анықтау» ғылыми жобасы аясындағы тәжірибелік жұмыс;
  • 2016–2017 жж.: «Микробиология және вирусология институты» РМК, «Өсімдік қорғау» зертханасының аға лаборанты;
  • 2021–2023 жж.: Ж. Жиембаев атындағы «Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Молекулалық генетика және биохимия» зертханасының кіші ғылыми қызметкері;
  • 2024 ж. – қазіргі уақытқа дейін: Ж. Жиембаев атындағы «Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Молекулалық генетика және биохимия» зертханасының ғылыми қызметкері.

Ғылыми қызығушылықтары

  • Микроорганизмдердің өсу динамикасын зерттеу
  • Өсімдік патогендері және олармен күресудің биотехнологиялық тәсілдері
  • Молекулалық биология және микроорганизмдерді ДНҚ деңгейінде идентификациялау
  • Биоинформатика және геномдық деректерді талдау
  • Биопрепараттар мен экологиялық таза ауылшаруашылық технологияларын әзірлеу
Кіші ғылыми қызметкер Шәден Ақерке Оралқызы

Кіші ғылыми қызметкер

Шәден Ақерке Оралқызы

Электрондық пошта:
akerkewww@list.ru

Тәжірибесі

  • 2014–2018 жж.: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, «Агробиология» факультеті, «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы, бакалавр;
  • 2018–2020 жж.: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, «Агробиология» факультеті, «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» мамандығы, магистратура;
  • 2019–2020 жж.: Ж. Жиембаев атындағы «Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, фитосанитарлық зертханалық талдау сынақ орталығы, фитопатология зертханасында, аға лаборант;
  • 2020–2025 жж.: Астана қ., ЖШС «Microread Technology Kazakhstan» Co Ltd., Молекулярлы-генетикалық лабораториясында, ауыл шаруашылығы бойынша лаборатория қызметкері;
  • 2025 ж. – қазіргі уақытқа дейін: Ж. Жиембаев атындағы «Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Молекулалық генетика және биохимия» зертханасының кіші ғылыми қызметкері.

Ғылыми қызығушылықтары

  • Полимеразды тізбекті реакция (ПТР) және ДНҚ секвенциясы әдістері арқылы фитопатогендердің молекулалық диагностикасы.