Қытай Халық Республикасынан ресми делегация...
2025 жылдың 2-6 қыркүйегі аралығында біздің институт Қытай Халық Республикасынан ресми делегацияны қабылдады. Делегация құрамына беделді ғылыми мекемелердің жетекші ғалымдары мен зерттеушілері кірді. Олардың қатарында Қытай ауыл шаруашылығы университеті, Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Қытай ғылым академиясының мамандары болды.
Кездесу барысында біздің ұйымға келесідей қонақтар келді: өсімдіктер биоқауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі, профессор, Чжихонг Ли, доцент Шаокун Го (Өсімдіктерді қорғау колледжі, Қытай ауыл шаруашылығы университеті); қашықтықтан зондтау және Цифрлық Жер бойынша мемлекеттік негізгі зертхананың директоры, профессор Вэньцзян Хуан, доцент Кун Ван, ассистент-профессор Линий Лю (Ғарыштық ақпараттық зерттеулер институты, Қытай ғылым академиясы); профессор Сюнбин Ту, PhD Шицянь Фэн (Өсімдіктерді қорғау институты, Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы); профессор Нин Ван, постдок Куаньянь Тан (Жайылымдарды зерттеу институты, Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы).
Қытай делегациясының өкілдері институттың ғылыми-зерттеу әлеуетімен, соның ішінде ғылыми бөлімдер мен зертханалардың жұмысымен танысты. Олар өсімдіктерді қорғау саласындағы соңғы жетістіктері жөнінде баяндамалар жасап, жемісті пікірталастарға негіз қалады.
Кездесу аясында бірқатар жетекші ғалымдарымызбен бағыт-бағдарларына қарай жекелей кездесулер өткізіліп, тараптар ағымдағы және болашақтағы бірлескен жобаларды талқылады, сондай-ақ бұған дейін жасалған келісімдердің қорытындыларын саралады. Талқылаулар нәтижесінде одан әрі ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары анықталды.
Сонымен қатар, делегация Талғар ауданындағы «Баймене» ЖШС шаруашылығына барып, бау және жүгері алқаптарында жүргізіліп жатқан ғылыми бағыттағы жұмыстарымызбен танысты. Жалпы еліміздегі ауылшаруашылығы дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күресу шараларының жүргізілу процестерімен танысып қайтты.