Еменнің үңгі егегіші -

ағаштардың жаңа кеселі

Зиянкестің өршуі

Еменнің үңгі егегіші

Алматы қалаларының саябақтары мен көшелерінде еменнің үңгі егегішінің (Profenusa pygmaea) жаппай таралуының жергілікті өршуі байқалғандықтан, ҚР аумағында қауіпті, аса қауіпті карантинді зиянды организмдердің таралуын болжау әдістемесін әзірлеу мақсатында өсімдіктерді биологиялық қорғау бөлімінің мамандары аталған зиянкестің зақымдалуын, биологиясын анықтап, сонымен қатар оған қорғаныс шараларын әзірлеу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Жүргізілген мониторинг барысында  Алматы қаласы мен қала маңындағы аудандарда және Жетісу облысарында емен ағашының патологиялық жағдайы бақыланып, инвазивті зиянкес Profenusa pygmaea даму фазалары әр аймақта әртүрлі екендігі анықталынды.  

дубовый минирующий пилильщик

Зиянкестің туындау тарихы

Кірме түр

Емен ағаштарындағы үңгі егегіштер бойынша проблема 5-6 жыл бұрын басталды. Зиянкестер Алматыға Бішкектен әкелінді деп болжануда, ал ол жақта аталған зиянкеспен он жылға жуық уақыт бойы күресіп келеді, сонда да нәтижесіз. Бірақ олардың пайда болуының басқа себептері де мүмкін: Еуропадан көшеттермен бірге әкелу, олардың түрлерінің саны мыңға жетеді, сонымен қатар дернәсілдер қалаға туристердің киімі немесе багажы арқылы жетуі мүмкін деген нұсқа бар.

дубовый пилильщик

Еменнің үңгі егегішімен күрес

Бұл зиянкеспен қалай күресу керек?

Еменнің үңгі егегіштері жоюы қиын зиянкес болып табылатындықтан, тұрақты түрде оларға қарсы күресу шараларын әзірлеу қажет. Топырақта қыстайтын зиянкестер өте көп, бір шаршы метрге шамамен 50-100 дана келеді және олар топырақ қабатының әртүрлі деңгейінде 3 см, 5 см, ал кейбірі 10-15 сантиметр тереңдікте қыстауға кетеді, сондықтан олар әртүрлі уақытта топырақтан ұшып шығады. 

Негізінен біздің бірнеше жылғы бақылауымыз бойынша мамыр айының басында зиянкестердің бірінші толқыны шығады, 10 мамырда – екінші, 15 мамырда – үшінші, 20 мамырда – төртінші толқын және бесінші толқын 25-30 мамырда келеді. Егер өңдеу жұмыстары 5 немесе 10 мамырда жүргізілсе, онда 15 мамырда ұшқан зиянкестер ағаштарға зиян тигізеді. Сондықтан, аталған зиянкестің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, мамыр айында әр 7 күн сайын 4 рет өңдеу жұмыстары жүргізілуі керек.

Алдағы уақыттарда Profenusa pygmaea дамуының болжам әдістемелерін әзірлеу үшін зерттеу жұмыстары жалғасын табады.

пилильщик