Энтомологтар дөңгелек үстелі

защита растений

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантині ғылыми-зерттеу институтының жас энтомологтар тобы дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Энтомология ғылымына терең бойлау

Дөңгелек үстел барысында энтомология ұғымы талқыланды. Өсімдіктерді интеграцияланған қорғау бөлімінің энтомология зертханасының ғылыми қызметкері – Арнұр Кенжеғалиев жәндіктерді жинау және сақтау әдістері, феромонды тұзақтар не екенін және қалай қолдану жайлы жан-жақты мағлұмат бөлісті, сонымен қатар ҒТБ 267 бюджеттік «Жеміс, көкөніс, дәнді, малазықтық, бұршақ дақылдары мен өсімдіктер карантинін қорғаудың кешенді жүйелерін әзірлеу және жетілдіру» бағдарламасында энтомология зертханасының міндеттерін айтып өтті.