«ҚР ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ» байқауы
защита растений

ҚР ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ байқауы

«ҚР жылдың үздік маманы» байқауының жеңімпазы

Байқау қорытындысы бойынша білім мен ғылым саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен мінсіз қызметі үшін институтымымыздың Өсімдіктерді интеграцияланған қорғау бөлімінің меңгерушісі - Копжасаров Бакыт Кенжекожаевич «ҚР ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ» төсбелгісі мен І-дәрежелі дипломымен марапатталып, «Қазақстан Республикасының жылдың үздік маманы» байқауының энциклопедиясына өмірбаяны жарияланды.

«ҚР ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ» республикалық патриоттық байқау

Бұл байқауда барлығы 20-ға жуық номинация болды, оның ішінде білім және ғылым саласының мамандары; медицина; спорт және мәдениет, өнер; және әдебиет саласының мамандары; кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар мен экономистер болды. Барлығы 600-ден астам өтінім қабылданып, олардың үштен бірі конкурстың екінші кезеңіне өтті. Байқау қорытындысы бойынша марапаттаудың негізгі салтанатты бөлігі елордада, Министрліктер үйінде өтті. Марапаттау шарасына және энциклопедияның тұсаукесеріне осы басылымға енген барлық номинанттар қатысты. Қорытынды конференция барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова сияқты еліміздің танымал тұлғалары үздік азаматтарға арнайы сыйлықтар мен төсбелгілерді табыстады.

Іс-шараның мақсаты

«ҚР ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ» республикалық патриоттық байқауының мақсаты – Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: Жаңару және жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, жастарға тәуелсіздіктің қасиетті ұғым екенін, халықтың ұлттық бірегейлігі мен бірлігінің маңыздылығы туралы түсіндіру, сондай-ақ Тәуелсіздік жылдарында өз ісінің шебері бола білген және адал қызметі арқылы ел дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтарды жастарға үлгі етіп, қоғамға кеңінен насихаттау.

защита растений
защита растений

Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ұжымы Копжасаров Бакыт Кенжекожаевичті шын жүректен құттықтай отырып, биік белестерді бағындыра беруіне тілектестігін білдіреді!