ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗЕРТХАНА
Институттың мобильді зертханасы – бұл өсімдіктерді жедел диагностикалау мен қорғауға арналған заманауи кешен, яғни далалық жағдайда «жедел жәрдем» қызметін атқаратын бірегей құрал. Зертхана зиянкестердің түрі мен өсімдік аурулары қоздырғыштарын жедел анықтауға, топырақтың экспресс-талдауын жүргізуге, макро- және микроэлементтердің құрамын айқындауға қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мобилді зертхананың негізгі міндеті – фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, карантиндік нысандар мен аса қауіпті зиянды ағзаларды дер кезінде анықтау, сондай-ақ шаруашылықтарға тәжірибелік көмек көрсету.
Бұл кешеннің артықшылығы – зерттеулерді тікелей алқаптарда жүргізу мүмкіндігі, бұл мәселені анықтау мен нәтижелерді алу арасындағы уақытты айтарлықтай қысқартады. Зертхананың басты ерекшелігі – ПТР-диагностикасын (полимеразды тізбекті реакция) тікелей дала жағдайында жүргізу мүмкіндігі. Бұл әдіс қысқа мерзім ішінде бактериялық, саңырауқұлақтық және вирустық ауруларды анықтауға мүмкіндік береді, эпифитотиялардың алдын алу мен жедел әрекет ету үшін аса маңызды.