ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТАЛДАУ СЫНАҚ ОРТАЛЫҒЫ

Сынақ орталығының бағыты

  • Карантиндік зиянды организмдерді анықтау және диагностикалау әдістерін әзірлеу және жетілдіру, сондай-ақ карантиндік зиянкестерге қарсы қорғау іс-шараларын әзірлеу.
  • Өсімдік ауруларының қоздырғыштарын анықтау бойынша микологиялық және бактериологиялық сараптамалар жүргізу және дақылдарды аурулардан қорғау кезінде қолданылатын фунгицидтер мен биопрепараттардың бактерицидтік қасиеттерін анықтау.
  • Арамшөптерді анықтау жұмыстарын жүргізу және қорғаныс шараларын жоспарлау және жүргізу әдістерін әзірлеу.
  • Қазақстан Республикасының аумағында таралған аса қауіпті және карантиндік зиянды организмдерді (зиянкестер, өсімдік аурулары және арамшөптер) анықтау және диагностикалау.
  • Генетикалық түрлендірілген өсімдік көздерін сапалық және сандық анықтау
  • Аккредитациялауға сәйкес пестицидтер, ауыр металдар, нитраттар мен микотоксиндердің  қалдық мөлшерін анықтау.

Стратегиялық бағыты

Сынақ орталығының негізгі бағыттары мынадай міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс:

  • Карантиндік зиянды организмдерді анықтау және карантиндік зиянкестердің ошақтарын жою бойынша ұсыныстар әзірлеу.
  • Дамудың ерте кезеңдерінде тұқымдарды өңдеу және биологиялық препараттардың бактерицидтік қасиеттерін анықтау.
  • Аса қауіпті және карантиндік арамшөптерге қарсы ғылыми-негізделген қорғау іс-шараларын әзірлеу.
  • Генетикалық түрлендірілген көздерді анықтау және өсімдіктер зиянкестері мен арамшөптерді идентификациялау.
  • Пестицидтерді ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау үшін пайдаланудың экологиялық қатерлерін болдырмауды шешу жолдарын зерттеу.

Фитосанитарлық зертханалық талдау сынық орталығының зертханалары

Исенова Гульмира Джанибековна

Фитосанитарлық зертханалық талдау сынық орталығының жетекшісі

Есимов Улан Оразалиевич

Гербология зертханасының меңгерушісі

Турсунова Альнура Қайратқызы

Молекулярлық генетика және биохимия зертханасының меңгерушісі

Рвайдарова Гульнисам Олакаевна

Пестицидтер токсикологиясы зертханасының меңгерушісі

Кенжегалиев Арнур Мирамулы

Энтомология зертханасының меңгерушісі